Сайлау-2022: Жаңа демократиялық модель

Дәл қазір бізбен Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Елдос Жұмағұлов тікелей байланыста. Елдос мырза, армысыз. Сонымен Қазақ елін алда үлкен саяси дода күтіп тұр. Президенттік сайлаудың күні белгіленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. Президент үндеуінде соңғы үш жылда жасалған өзгерістер мен конституциялық реформа мемлекеттік-саяси құрылымның жаңа үлгісін қалыптастырды деген. Сіздің пікіріңізше, бұл жаңа үлгінің ең айқын көрінісі неде? Нақты қай белгілерін атар едіңіз?

Сондай-ақ Президент қоғамға сайлау алдындағы тұғырнама ұсынатынын және онда әлеуметтік-экономикалық дамуды көздейтін жаңа бастамалар айтылатынын мәлімдеді. Сіздің ойыңызша, бұл қандай бастамалар болуы мүмкін? Бұған дейін Жолдауда айтылған әлеуметтік-экономикалық мәселелерден өзгеше болуы мүмкін бе?