Елімізде бүгінге дейін 12 млн сайлаушы тіркелген – ОСК

Саяси партиялар 23 қыркүйектен бастап өз кандидаттарын президенттікке үміткерлікке шығара алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Процесс 11 қазан кешкі сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Бұл туралы қазір ғана Орталық сайлау комиссиясы мен саяси партия өкілдері бірге өткізген жиында белгілі болды. Статистикаға келсек, біздің елде тіркелген сайлаушылардың саны қазір 12 млн-ға жуық екен. Әрбір кандидат дәл осы дауыс берушілердің кем дегенде 118 мыңнан астамының қолын жинауы тиіс. Күн тәртібіне бұдан тыс тағы 3 мәселе шығарылды. Біріншісі – сайлау ұйымдастырушыларын оқыту, халықаралық ұйымдар мен бақылаушыларды науқанға сақадай-сай ету, соңғысы негізгі сайлауалды шараларының жоспарын бекіту.