Ресейліктердің елімізге сапарын шектеуге тиісті емеспіз – Мәулен Әшімбаев

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ресейліктердің Қазақстанға жаппай қоныс аударуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сенат спикерінің айтуынша, кез-келген шетелдіктердің жұмыс сапарымен, туыстарына немесе туризм мақсатында келуіне шектеу жоқ. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтары да Ресейге емін-еркін бара алады. Бұл өзара процесс болғандықтан, оны шектей алмаймыз, деді. Сонымен қатар ол елімізде, тұРақты тұруын растайтын құжатты беру, басқа мәселе екенін айтты. Ал, саяси баСпананы беру, босқын мәртебесін беруге келсек, бұл халықаралық шарттармен, БҰҰ жеЛісі бойынша мақұлданған тиісті құжаттармен реттеледі. Қазір бұл тұрғыда мәселе көтереліп жатқан жоқ.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

- Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ететін құжат елімізде қандай да бір мүмкіндіктер береді. Осы орайда елімізде бұл құжатты рәсімдеу үшін кез келген басқа елдің азаматы өз мемлекетінен рұқсат алуы керек. Бұл талап еліміздің заңнамасында нақты белгіленген. Яғни шетел азаматы өз елінен кететіні туралы арнайы парақша мен басқа да құжаттарды ұсынуы тиіс.