Қазақстан мен Корея мемлекеттік қызметкерлері ынтымақтастығы арта түсті

Астана мемлекеттік қызмет хабы мен Кореяның кадрларды басқару министрлігі мамандарды оқытуда бірлесе жұмыс істемек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті меморандумға екі органның басшылары Әлихан Бәйменов пен Ким Сын Хо қол қойды. Қос тарап бұл құжатқа алғаш рет 2018 жылы қол қойды, бірақ өткен жылы меморандум өз күшін жойған. Жаңа меморандум кадрларды басқару саласындағы бірлескен зерттеулерді екіжақты жобаларды ілгерілетуді, сарапшылар кездесулерін және басылымдармен алмасуды қарастырады.

Әлихан Бәйменов, Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы:

– Құндылықтар, корпоративтік мәдениет және әдептілік жөнінде Кореяның бай тәжірибесі бар. Кореяның мемлекеттік қызметі өзінің отансүйгіштігі мен әдептілігі мен ерекшеленеді және Кореяның экономикалық табыстарының негізінде осы жоғары сапалы кәсіби және отанына берілген мемлекеттік қызметтің рөлі жоғары. Сол себептен бұл бағыт тағы да құралдар мен тетіктер туралы Корея тәжірибе алмасатын болды.