loader


Қазақстан – Ресей ынтымақтастығына арналған шаралар қорытындыланды

Мәскеуде Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығы қорытындыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай, «Қазақстан – Ресей: достық пен стратегиялық әріптестіктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми- практикалық конференция өтті. Шара Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында өткізілген. Жиынға дипломатиялық ведомство өкілдері, шет мемлекеттердің елшілері, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің саясаттанушылары қатысты. Конференция барысында ғылыми және сараптамалық диалогты күшейту қажеттілігі, туралы айтылды. Шараға қатысушылар бұл кездесу әлемдегі жаңа сын-қатерлерге қарсы тұруға және өзара бірлескен жұмыстар жүргізуге жаңа серпін береді деді. Конференцияға Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшер-баев қатысты. Дипломат Ресеймен өзара серіктестік нығайып, болашақта қарқынды дамитынын атап өтті.

Ермек Көшербаев, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі:

– Біздің мемлекеттеріміздің арасындағы достық қарым-қатынас баяғыда басталған. 1000, 2000 жыл бұрын біздің елдер әрдайым қатар өмір сүрді. Өзара сауданы, туыстық байланыстарды дамыту біздің мемлекеттер үшін маңызды болды. Біз ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға тиіспіз. Көршілермен жақсы қарым-қатынас сақтау өте маңызды.

 

Сондай-ақ...