Ресейден бізге ағылған азаматтарды еңбекпен қамту мәселелерін қарастыру маңызды – Әлихан Смайылов

Елдегі қауіпсіздікті күшейту керек әрі Ресейден бізге ағылған азаматтарға қолғабыс ету қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларды уақытылы тіркеп, еңбекпен қамту мәселелерін қарастыру маңызды. Бұл іс-шаралар Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің заңнамасына сәйкес іске асырылуға тиіс. Премьер-Министр  көші-қон мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, осындай міндет жүктеді. Сондай-ақ, жалға берілетін тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыруды тапсырды. Әлихан Смайылов, өңірлерде әлеуметтік шиеленіске жол бермес үшін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру қажеттігін де атап өтті. Ал, Халыққа қызмет көрсету орталықтары үздіксіз жұмыс істеуі үшін қосымша қызмет көрсету терезелерін ашуды тапсырды.