Ел мүддесінен жоғары құндылық жоқ – Ә. Смайылов

Біз халықаралық міндеттерімізді орындай отырып, өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін ұмытпауымыз қажет. Ел Премьер-министрі Әлихан Смайылов бүгін Үкімет отырысындағы алғы сөзінде осылай деді.

Еліміздегі шетел азаматтарына заң аясында қызмет көрсетіледі. «Маңызды мәселенің бірі – құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік», – деп атап өтті Үкімет басшысы. Әлихан Смайылов жалдамалы тұрғын үй бағасының өсуінен өз азаматтарымыз қиын жағдайға тап болып отырғанына назар аударып, жауапты органдарға бұл жағдайды тұрақтандыруды тапсырды.

Сондай-ақ еңбекпен қамту мәселесінде де алдымен қазақстандықтарға басымдық берілуі қажет. Кәсіпорын басшылары осыны естен шығармауы тиіс. «Ал көршілес елден келген мигранттар белгіленген заңнама шеңберінде ғана еңбек ете алады», – деп атап өтті Премьер-министр.