Қ.Тоқаев: Сайлауды заңға сәйкес әділ және ашық өткіземіз

Мемлекет басшысы Түркістан жұртшылығымен кездесу барысында елдегі Президент сайлауы тақырыбына да тоқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл науқанды заңға сәйкес әділ және ашық өткіземіз», – деді. Президент әр азамат сайлауға белсене қатысып, өз таңдауын жасайтынына сенімін білдірді. Мемлекет басшысы Отанымыздың болашағына бәріміз бірдей жауаптымыз дей келе, ел тағдырына бей-жай қарамауға шақырды. Біз адал, дарынды саясаткерлерге жол ашуымыз керек. Бүгінде елімізде билік пен қоғам арасындағы диалог нығая түсті. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына баса мән беріліп отыр, – деді Мемлекет басшысы