ҰЭМ: ресейліктер Қазақстанда ұзақ болмайды

Ресей азаматтарының шекара асып, Қазақстанға келуі ел инфрақұрылымына салмақ түсіріп жатқаны рас. Бірақ бұл уақытша құбылыс. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет қабырғасында осылай мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның пайымдауынша, жағдай сәл өзгергенде, ресейліктер Қазақстаннан шығып кетеді. Сондықтан уайымдаудың қажеті жоқ. Қазір министрлік тиісті мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Әлібек Қуантыров, ҚР ұлттық экономика министрі:

Адамдар келіп жатыр. Бірақ бұл уақытша мәселе. Олардың көбі Қазақстаннан кетеді әрі қарай үшінші елдерге. Сол себепті бұл жағдай уақытша. Әрине біздің инфрақұрылымға қысымы бар. Оның бәрін шұғыл түрде шешіп жатырмыз.