Біріккен Араб Әмірліктерімен іскерлік байланыс артты

Инвестиция тарту, іскерлік байланыс және банк саласындағы ынтымақтастық. Премьер-министр бүгін Біріккен Араб Әмірліктері Орталық банкінің төрағасы Халед Мұхаммед Салем Балама бастаған делегациямен кездесіп, осы мәселелерді талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлихан Смайылов таяуда Араб Әмірліктеріне ресми сапары кезінде инвестициялық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі бірқатар уағдаластыққа қол жеткізілгенін еске салды. Делегация басшысы араб инвесторларының қазіргі уақытта ынтымақтастық туралы ұсыныстарды егжей-тегжейлі зерделеп жатқанын атап өтті. Көп ұзамай оларды іске асыруға көшетінін жеткізді. Делегация құрамында Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске қосуға ниет танытқан ірі компаниялардың өкілдері бар.