loader

Президенттік сайлау: «бәріне қарсы» деп берілген дауыстар есептелмейді

Президенттік сайлау: «бәріне қарсы» деп берілген дауыстар есептелмейді

Президенттік сайлаудың нәтижесі шығарылғанда «бәріне қарсы» деп берілген дауыс саны есептелмейтін болды. Бұл туралы бүгін Мәжілісте әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, ешбір үміткердің кандидатурасын қолдамағандар дауыс беруші болып тіркеледі. Бірақ олар кандидаттың атын белгілемегендіктен, өз таңдауын жасамады деп саналады.

Қанат Мусин, ҚР әділет министрі:

– Бұл мәселенің барлығы заңмен реттелген. Қазақстандықтар кез келген кандидатқа немесе бәріне қарсы дауыс бере алады. Бірақ нәтижесінде бюллетеньде үміткердің атын белгілеген азаматтардың ғана дауыстары ескеріледі. Сайлау қорытындысы кандидаттарға берілген дауыстар санынан есептеледі. Ал, егер жақын арада президент болуға ұсынылған кандидат саны жетпейтін болса, заңнамаға сәйкес үміткерлерді ұсыну мерзімін ұзартуға рұқсат беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

Сондай-ақ...