Елімізде Шахматты дамытудың Жол картасы әзірленді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичті қабылдау барысында осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Астанада әлемнің 12 мықты шахматшысының басын қосқан ФИДЕ Гран-при әйелдер сериясының бірінші кезеңінің өткізілуі туралы мәлімет берілді. Президент осындай деңгейдегі іс-шараларды өткізу еліміздегі шахмат спортының дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.  Қазақстанда 7 мыңнан астам шахмат секциясы жұмыс істейді, дегенмен бұл көрсеткішті кемінде екі есе арттыру қажет. Қазір шахматпен 200 мыңнан астам адам айналысады. Спорттың бұл түрін қолдауға баса мән береміз. Оны дамытудың Жол картасы әзірленді. «Мектептегі шахмат» ауқымды жобасын жүзеге асыру жоспарда бар, - деді Мемлекет басшысы.