Абай облысында 11 мектеп пен 14 балабақша салынады.

Биыл Абайды әлемге танытқан қазақ әдебиетінің классигі Мұхат Әуезовтың туғанына 125 жыл. Заңғар жазушының мерейтойы туған өлкенсінде кең көлемде аталып өтті. Пезидент Семейге жасаған жұмыс сапары барысында тау тұлғаның ұрпағымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұхтар Әуезов және оның ізін басқан шәкірті, ғалым Қайым Мұхамедхановқа арналған «Ұстаз бен Шәкірт» ескерткішін ашты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Бүгін ел руханияты үшін айрықша маңызды күн. Алаштың жүрегі атанған қастерлі қалада еңселі ескерткіш ашылды. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Шын мәнінде бұл өте жақсы оқиға. «Бұл – ұстаз бен шәкірт, аға мен іні арасындағы рухани бірліктің символы. Шын мәнінде, қос алыпты бөле-жарып қарау мүмкін емес. Мұхтар Әуезов әлем әдебиетінің шыңына көтерілген қаламгер. Ал Қайым Мұхамедханов ұлы жазушының серігі әрі шәкірті. Ол бүкіл ғұмырын Абайтану, Шәкәрімтану және Алаштану ғлымына арнады. Қуғынға ұшыраса да тағдырдың сынағына қарсы тұрып, еліне адал қызмет етті.

Қаладағы маңызды нысанның бірі – Невзоровтар атындағы музей. Мұнда түрлі бағыттағы 5 мыңнан астам экспонат бар. Президент бұл нысанды да бас сұғып, тарихымен танысты.

Талғатбек Әбдіқожа, тілші:

Екі қабатты қызыл үй. Ертеде осылай аталған семинария, қазір М. Әуезов атындағы педагогикалық колледж. Ашылғанына биыл 119 жыл. Оқу орныны жалғыз Семей емес, күллі қазаққа қастерлі. Өйткені ұлтты азат етуді армандаған Алаш ұлыларының көбі осы жерде алғашқы кәсіби білімін алып, ұлттқа қызмет етуді бастады. Олардың ішінде Аймауытов, Сәтпаев, Мұхамеджанов және Әуезовтар бар.

Колледж жәй оқу орны емес, музей сынды. Семейдегі талай тарихтың куәсі. Соғыс жылдары госпиталь болған. Ал бүгінде жаңарған заманауи кейіпте. Мың жарымнан астам студент тоғыз мамандық бойынша білім алады. Бағытынан жаңылған жоқ. Әлі педагог ұстаз даярлайды. Мұндағы шәкірт те ұстаз да өмірінің осы колледжбен байланысқанын мақтан тұтады.

Шағангүл Жанаева,М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің директоры:

– Оқу орнының ерекшелігін айтатын болсақ, қазақ еліндегі тұңғыш оқу орны. Екіншіден, бұл оқу орынынң керемет ерекшелігі барлығы бұл қазақ еліне еңбек еткен ірі тұлғалардың өсіп өнген, қанаттанған жері. Мұндай тарих бүгінгі таңда Қазақстанның бірде бір оқу орнында жоқ. Біз тарихымызбен мақтанып қана қоймай, тарихымыздың танылуына қызмет жасаймыз.

Ұлылардың ұясындай болған семинарияға бүгін Мемлекет басшысы арнайы барды. Көрмені аралап, оқытушылар, түлектерімен және студенттермен жүздесті. Еркін әңгімелесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ұстаз деген қасиетті мамандық. Бәріміз ұстазды сыйлаймыз. Себебі ұстаз – жоғары деңгейдегі тұлға. Балаларға лайықты білім беріп жатырсыздар. Білімсіз адам қауқарсыз деп айтуға болады. Қауқарсыз адам қазіргі бәсекеге толы әлемде қалай өмір сүреді? Сондықтан жас мамандарға мен ризамын. Өздеріңіз сияқты жастарды мемлекет те әрқашан қолдайды.

Мемлекет басшысы Семей жұртымен кездесуінде «Білім – бәсекеге қабылетті әрі табысты ұлт болудың басты кепілі» екенін айтқан еді. Білімнің негізі мектепте. Сондықтан өңірде 11 мектеп пен 14 балабақша салынады. Оған қоса, Семейдегі университеттердің жанынан IT сала мен тілдерді тереңдетіп оқытатын мектептер ашылуы қажет деді. Сондай-ақ облыстағы жоғары оқу орындарына қосымша 500 грант бөлуді тапсырды.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа Ербол Дайыров, Дулат Ентебеков

 

(