loader


Мәулен Әшімбаев Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған іс-шараларға қатысты

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Торғайда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты.

«Ұлтына ғұмырын арнаған Ұлы тұлға» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда Сенат Спикері ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Сондай-ақ Сенат Төрағасы мерейтойдың қазақ үшін қастерлі Торғай жерінде аталып өтуінің айрықша маңызына назар аударды. Ол Мемлекет басшысы ел дамуының жаңа тарихи кезеңінде өңірлерді өркендету мәселесіне баса мән беріп отырғанын, осы бағытта тиісті органдарға нақты тапсырмалар бергенін және алдағы міндеттерді нәтижелі орындау үшін Парламент жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Мерейтой аясында Қостанай облысының Торғай ауылында Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына арналған ескерткіш ашылды. Ашылу салтанатында Сенат Спикері киелі Торғай өңірінен ұлт тарихындағы көптеген ұлы тұлғалар шыққанын атап өтті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

Сондай-ақ...