AMANAT партиясының съезіне 700 делегат сайланды

«Аманат» партиясы кезектен тыс съезге қатысатын делегаттарын сайлады. Қазір 6 қазанда елордада өтетін жиынға дайындық жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Съезге барлығы 700 адам келеді деп жоспарланып отыр. Олар партияның өңірлердегі филиалдарында өткен конференцияда іріктелді. Жалпы еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылған конференцияға 20 мыңнан аса адам қатысты. Мұнда партия ұсынған жаңа саяси тұғырнаманың жобасы да талқыланады.

Аят Сүгірбай, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты

Азаматтардың арасынан ұлтына-ұлысына қарамастан татулықты, бірлікті біз нығайта беруіміз керек. Тек қана сол арқылы біз мемлекетімізді дамыта аламыз. Себебі дамудың ең бірініші және алғашқы шарты ол ауызбіршілік пен тыныштық. Сондықтан осы мәселе бздің саяси тұғырнамада көрініс тапқанына қуаныштымыз.