ЕО Қазақстандағы демократиялық өзгерістерді қолдайды

Еуроодақ өкілдері елімізде өлім жазасының алынып тасталуы, президент өкілеттігінің шектелуі және өзге де демократиялық өзгерістерді қолдайды. Бұл туралы еліміздегі Адам құқықтарғы жөніндегі уәкілдің Брюссельге ресми сапары барысында айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Эльвира Әзімова Еурокомиссия және Еуропарламент өкілдерімен, сондай-ақ адам құқықтары жөніндегі еуропалық институт сарапшыларымен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Еуропа арасында демократия және адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша пікір алысты.

Эльвира Әзімова, Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл:

– Кездесу барысында еуропалық әріптестер елімізде өткен референдум кезінде көтерілген бастамалардың қазір іске асырылып жатқанын айтты. Олар мұның бәрі Қазақстанның жақсы өзгерістерге қарай бет алғанын көрсетеді дейді. Сондықтан мемлекет алған бетінен таймау керек. Және азаматтық қоғам бұл бағытта күш біріктіру қажет деген пікірлер айтылды.