Қ.Тоқаев қарағандылықтармен кездесті

Қарағанды облысында жұмыс сапарымен жүрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін жергілікті жұртшылықпен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Сарыарқаның дәл жүрегінде орналасқан аймақтың рухани қазынасы да орасан зор. Оңтүстік пен солтүстікті жалғайтын ең басты күре жол осы өңірді басып өтеді. Аймақты дамытуға автокөлік жолдарының сапасы айрықша ықпал етеді»,– деді Президент өз сөзінде.