Астанада саяси партия өкілдеріне курс ұйымдастырылды

Елордада саяси партиялардың өкілдері 2 күндік курсқа қатысуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталмыш шара «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теория және практика» деген атауымен өтіп жатыр. Мұндағы басты мақсат – сайлау жүйесіндегі партия өкілдерінің біліктілігін арттыру, саяси додағы дайындық және оны өткізу ерекшеліктерін түсіндіру.

Еске салайық, Орталық сайлау комиссиясы 28-30 қыркүйек аралығында БАҚ өкілдеріне де осы секілді курс ұйымдастырған болатын.

Түсіп Рыспеков, ҚР ОСК электоралды оқытуды ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары:

– Сайлауалды үгіт-насихат жүргізу және сайлау барысында байқаушы ретіне қатысу мәселелеріне қатты назар аударамыз. Себебі көпшілік жағдайда осы жағдайларды заң жүзінде жүзеге асыру қиындық тудырып жатады. Осы мәселелер төңірегінде біз заң негізінде түсіндіру жұмыстарын береміз. Және де сайлау заңнамасын бұзған кезде де қандай жауапкершілік қарастырылғанын да айтып отырамыз.