«Qazaqstan team» жастар ұйымы президент сайлауына ұсыныстарын айтты

Жастар ұйымы президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Мұндай бастама қауымдастықтың актив жиналысында көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға қатысушылар шешімді бір ауыздан қолдады. Белсенді жастардың айтуынша, бұған Мемлекет басшысының халықаралық аренадағы дипломатиялық тәжірибесі мен әлемдегі тұрақсыз геосаяси ахуал себеп болды. Жалпы «Қазақстан тим» интелектуалды жастарды біріктіретін бірегей алаң саналады. Мұнда түрлі саланың озық жастары жиналған.

Олжас Сүлейменов, «Qazaqstan Team» республикалық ұйымының жетекшісі:

– Қазіргі кезде жалпы геосаяси жағдай өте күрделі екені бәрімізге белгілі. Қ.Тоқаевтың дипломаттық тәжірибесі және ұсынып отырған реформалық пакеті жастарға қатысты бүкіл саланы қамтып отырғаннан кейін.