Отандық спортшылар Тоқаевтың Президент сайлауына түсуін қолдады

Осы мақсатта олимпиада және әлем чемпиондары, басқа да спорттың басы-қасында жүрген мамандар бүгін елордада бас қосып, арнайы брифинг өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында отандық спорттағы соңғы өзгерістер, заңға енген жаңашылдықтар және даму жүйесінің бағыты талқыланды. Осы тұрғыда қазақстандық атлеттер Мемлекет башсысының бүгінге дейін жасаған жұмыстарына жоғары баға беріп, оның алдағы уақытта үзілмегені дұрыс деген пікірді алға тартты.