Президент іссапары – мемлекеттік менеджменттегі қажетті шаралардың бірі – сарапшы

Президенттің ел аралап облыстарға іссапармен баруы - мемлекеттік менеджменттегі қажетті шаралардың бірі. 

Бұл аймақтарда Мемлекет басшысының араласуын талап ететін мәселелердің бар екендігін көрсетіп қана қоймай,  қордаланған түйткілдерді шешуге мүмкіндік береді. Ал халықпен жиі кездесіп, тұрмыс-тіршілігіне үңілуі өңірлердегі  әлеуметтік-экономикалық, саяси мәселелерді жіті бақылауда ұстап отырғандығын көрсетеді.

Рамазан Саттарұлы, әлеуметтанушы:

- Қарағанды облысындағы экономикалық-әлеуметтік даму барысына баса назар аударып, еңбек адамының хал-жағдайын, көңіл-күйін соған байланысты шаралардың атқарылуын қадағалауы. Оған дейін Шымкент пен Түркістан қаласындағы іс-сапарларында экономикалық, мәдени-рухани мәселелердің жайттарын түсініп сезініп тың тапсырмалар беруі Мемлекет басшысының тұрақты түрде осылай экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселелерді жіті назарда ұстап отырғанын көрсетеді.