Алмағайып заманда мемлекеттік жауапкершілікті терең сезінетін адам керек – Е.Қошанов

Аманат партиясы Президентікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Партияның кезектен тыс XXIV съезінде тиісті шешім қабылданды. Саяси ұйымның төрағасы Ерлан Қошанов, Тоқаевтың қиын кезеңде ел басқарғанын сөз етті. Сөйтіп, Мемлекет басшысын қолдау жөніндегі коалиция құрамыз-деді.

"Amanat" партиясының кезекті сьезіне 1200 делегат қатысты. Олардың 700-і еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы келген. Бұл пандемиядан кейінгі саяси ұйымның ауқымды басқосуы. Күн тәртібінде тұрған мәселе де маңызды. Аманаттың атынан алдағы Президент сайлауына түсетін кандидатты бекіту. Көп ұзамай ұйым төрағасы өз ұсынысын жеткізді.

Ерлан Қошанов, "Amanat" партиясының төрағасы:

- Қазіргі алмағайып уақытта бізге ең әуелі мемлекеттік жауапкершілікті терең сезінетін тегеурінді тұлға керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы керек. Сондықтан Президенттіке үміткер ретінде Қ. Тоқаевты ұсынамын.

Ерлан Қошанов қасіреті ұмытыла қоймаған  «Қаңтар оқиғасына» да тоқталып өтті. Елдігіміз сыналған сын сағатта Президенттің жауапкершілікті өз мойнына алғанын еске салды. Халықпен бірге болды-деді. Партия белсенділері де жоғары мінберден сөз сөйлеп, пікірлерін жеткізді.

Бейсен Тәжібаев, "Amanat" партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы:

- Кешеден бері түрлі бірлестіктер ел Президенттігіне үміткер ретінде Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып жатты. Бұл ретте Ерлан Қошанов біз саяси және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, мемлекет басшысын қолдау жөніндегі Коалиция құрамыз деді. Ал Әділет министрі бұған заң жүзінде шектеу жоғын айтты.

Ерлан Сайыров, ҚР ПарламентІ Мәжілісінің депутаты:

- Президент өз сөзінде Коалиция құрылғаны дұрыс. Оның саяси тұғырнамасы кең болады деді. Сондықтан сол коалиция түстен кейін құрылуы ықтимал. 

Осылайша Аманат өз кандидатын ұсынды. Енді оның қалай іске асатынын уақыт көрсетеді. 

Назерке Әбдірахманқызы, Ақылбек Есімсейітов