«Aq Jol» партиясы президенттікке Қ.Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясы да алдағы додаға қатысатын кандидатын анықтады.

Саяси ұйымның 19-құрылтайында делегаттар Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөнінде шешім қабылдады. Бұл жайында партия төрағасы Азат Перуашев мәлімдеді. Жалпы Ақ жол атынан сайлауға қатысуға 6 адам өтініш білдірген. Кейін олардың саны үшеуге дейін қысқарып, бүгін жасырын дауыс беру арқылы таңдау жасалды. Партия мүшелері арасынан бір кандидатты анықтаудан бөлек, съезде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынған қоғамдық коалицияға бірігу сұрағы да қарастырылды. Осылайша, жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша коалициямен бірге қазіргі мемлекет басшысын қолдауға партиялықтардың 64,1% келісімін берді.

Азат Перуашев, "Ақ Жол" демократиялық партиясының төрағасы:

- Енді мен коалицияға кірген азаматтармен байланысамын. Ақылдасамыз, әрі қарай әр партияның өзінің ұстанымдары бар ғой. Кейбір партияның ұстанымдары бір-біріне қайшы болып шығуы мүмкін. Бұл жерде біз ортақ шешімге келуіміз керек секілді.