ҚР ОСК: Нұрлан Әуесбаев үміткерлікке құжатын тапсырды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан президенттікке ұсынылған Нұрлан Әуесбаев бүгін орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұрлан Әуесбаев аталмыш партияның Астана қаласы бойынша филиалының басшысы, 1957 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі, көп жылдар бойы жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарда қызмет еткен.

Нұрлан Әуесбаев, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» РҚБ өкілі:

- Мен елдің патриоты ретінде өзіміздің президентті сыйлаймын. Бірақ мына додаға түскеннен кейін кім жеңбейін деп қатысады, жеңуіміз керек. Жалпы біздің партия негізі социал-демократиялық партия. Бүгінгі таңда үлкен сұранысқа ие. Сіздер байқаңыздар, ең дамыған елдер мысалы Еуропа елдерінде Франц, Герм, Нидерланды т.б. барлығында осы біздің социал-демократиялық идеологияның принциптерімен жұмыс жасайды. Біз де сол бағытта боламыз.

Сондай-ақ...