Ерлан Қарин жас сарапшылармен кездесті

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты сарапшылардың жаңа буынын қалыптастырады.

“Қазақстанның болашақ келбеті” атты қолдау бағдарламасы аясында бүгінде еліміздің жас сарапшылары аналитикалық дағдыларын үйренуде. Астана, Алматы және аймақтық жоғарғы оқу орындары және ғылыми орталықтардың өкілдері Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен кездесті. Еркін форматта өткен жиында жас буын сараптамалық-талдау жұмыстарына қызығушылықтары жайында айтты. Ерлан Қарин елдегі трансформация процестері туралы пайымымен бөлісіп, жас сарапшылардың ішкі және халықаралық мәселелер бойынша сұрақтарына жауап берді.