Қ.Тоқаев Ресейде өткен ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде өткен ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

8 елдің басшылары жиналған кеңесте ұйым қызметінің басым бағыттары мен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту талқыланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді мерейтойымен құттықтап, оның Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.