Президент сайлауында әйел үміткер бақ сынайды

Президент сайлауында әйел үміткер де бақ сынайды.

Үміткерді "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. Ол қоғам қайраткері, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Қарақат Әбден. 4 баланың анасы. Ақмола облысының тумасы, 48 жаста.

Мемлекеттік лауазымдарда, оның ішінде Салық комитетінің орталық аппаратында, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. VI шақырылған Астана қаласы мәслихатының депутаты болды. Сондай-ақ, балалар үйінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі.