Қарақат Әбден ҚР Президенттігіне үміткер ретінде құжаттар тапсырды – ОСК

Бүгін Орталық сайлау комиссиясына Қарақат Әбден «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттарды тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарақат Әбденнің Мемлекеттік лауазымдарда, оның ішінде Салық комитетінің орталық аппаратында, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Сонымен қатар Астана қаласы мәслихатының депутаты болды. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері құжаттарды қарап шығып, қабылдап алды.