Маусымаралық кезеңде тапшылықты болдырмау қажет – Үкімет басшысы

Наурыз айынан маусым айына дейін жалғасатын маусымаралық кезеңде тапшылықты болдырмау және қымбат көкөністерді сырттан тасымау үшін қоймаларды қазірден бастап пияз, картоп, сәбіз, қырыққабатпен толтыру қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағалары және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері бойынша кеңесте Үкімет басшысы осындай тапсырма жүктеді.  Маусымдық кезеңде бағаны интервенциялау және көкөніс бағасының шарықтап кетуіне жол бермеу үшін оларды ең төмен бағамен сатып алатын мүмкіндікті қазірден тиімді пайдалану қажет,- деді Әлихан Смайлов.

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы 19,6 процентке өскен. Өңірлер бойынша ең жоғары көрсеткіштер Ұлытау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Алайда соңғы уақытта елімізде бірқатар тауар позицияларының соның ішінде пияз бен қант бағасы төмендеп келеді.