Президенттіктен үміткер Жигули Дайрабаев талаптарға сай келеді – ОСК

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевтың сәйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылдады.

Кеңейтілген отырыста "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" атынан түскен өТінім мен құжаттардың ҚР Конституциясына және "Сайлау туралы" конституциялық заңға сай екені анықталды. Ұсынылған мәліметтерге сүйенсек, Жигули Дайра-баевтың мемлекеттік қызметте және саЙланбалы мемлекеттік лауазымдарда 7 жыл жұмыс істегені белгілі. Жоғары білімі бар және мемлекеттік тілді жетік меңгерген. Оны кандидат ретінде ұсынған "Ауыл" партиясы Әділет министрлігінде тіркелген. Демек, азаматты Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі жоқ деді, орталық сайлау комиссиясының мүшелері. Қол жинауды кандидаттың сенім білдірілген адамдары жүзеге асырады.

Төлеутай Рақымбеков, "АУЫЛ" ХДП Партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Филиалдардың өкілдері осы қол қоятын парақшаларға келеді. Алып кетеді. Менің ойымша, 3-4 күннің ішінде жинап бітіреміз деп ойлаймын. Естеріңізге сала кетейік, біздің партияның өзінде 300 мың мүше бар. Заңның талабына сай, 118-119 мыңдай қол керек.