Президент Есеп комитетінің төрағасы Н.Годунованы қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады.

Кездесу барысында Президентке комитеттің биылғы 9 айында атқарған жұмысы туралы есеп берілді. Осы кезеңде барлығы 3,4 триллион теңге бюджет қаражатын қамтитын 99 объектіде 17 аудиторлық тексеру жүргізілген. Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың негізгі нәтижелері туралы мәлімет берді. Онда даму бюджетінің 3,5 триллион теңге қаржысы қамтылған.