Украинада қазақстандықтар үшін жедел телефон желісі жұмыс істеп тұр

Қазіргі уақытта Украинадағы Қазақстан елшілігінде жедел желі жұмыс істеп тұр.

Бұл туралы Украинадағы Қазақстан елшісі Дархан Қалетаев айтты. Таңнан бері жедел желіге 100-ге жуық қоңырау түскен екен. "Мүмкіндігінше Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кетуге немесе қауіпсіз жерге орналасуға кеңес береміз. Дабыл ескертулерге мән беріп, сақ болуға шақырамыз”, - дейді елші.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Украинада қазір 600-ге жуық Қазақстан азаматы бар. Дүмпу Қазақстан елшілігінен алыс жерде болған. Бұдан бөлек елшінің сөзінше, шаһарда байланыс нашар және кей аудандарда жарық сөнген. Егер эвакуация болған жағдайда елшілік Польша арқылы Украинадан шығуға жоспар құрып отыр.

жедел желі: +380 67 347 0408