Мемлекет басшысы профессор Наум Шафердің туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы профессор Наум Шафердің туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы профессор Наум Шафердің қазасына байланысты оның жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Наум Григорьевич Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті музыкатанушы, филолог, ғалым. Қасым-Жомарт Тоқаев Наум Григорьевич артына бірегей әдеби-музыкалық мұра қалдырғанын атап өтті.

«Ол шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз болды. Саналы ғұмырын мыңдаған музыкалық шығарма мен кітапты, соның ішінде қазақ халық әуендерінің жазбаларын жинауға арнады», – деп жазылған жеделхатта.

ЦИТАТА:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті музыкатанушы, филолог, профессор Наум Григорьевич Шафердің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

«Наум Григорьевич үлкен өмір жолынан өтті. Артына бірегей әдеби-музыкалық мұра қалдырды. Шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз болды. Ол бүкіл саналы ғұмырын мыңдаған музыкалық шығарма мен кітапты, соның ішінде қазақ халық әуендерінің жазбаларын жинауға арнады. Наум Григорьевичтің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», – деп жазылған жеделхатта.