Әзербайжан президенті И.Әлиев Астанаға келді

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті әуежайдан Премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрметті мейман Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Халықаралық ірі іс-шараға сонымен қатар Ирак, Иран, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Беларусь басшылары, Вьетнам вице-президенті және ҚХР Төрағасының орынбасары қатысады. Ал, 14 қазан күні ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтеді.