Бүгін Астанада АӨСШК VI саммиті өтеді

Бүгін Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 11 мемлекеттің президенті қатысады. Кеңес құрылғаннан бері құрамы екі есе өсіп, Азия континентінің 90% қамтыды. Әлемдегі күрделі геосаяси жағдайға байланысты басқосуға үлкен үміт артылып отыр. «Кеңеске жаңа елдер қосылып, ол саяси аренадағы салмағы бар ұйымға айналуы мүмкін», – дейді сарапшылар. Ал 14 қазанда «Орталық Азия-Ресей» саммиті өтеді. Жоғары деңгейдегі кездесуде  Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ресей президенттері алты жақты форматтағы ынтымақтастықтың келешегін талқылайды. 

Жиын соңында мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесін қабылдау жоспарланып отыр. Онда Еуразиялық кеңістіктегі өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қарастырылады.