Астанада екі бірдей халықаралық саммит өтеді

Бүгін Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түркіменстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері қатысады деп күтілуде. Саммит кезінде Достастық алаңындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар, қауіпсіздік үшін интеграциялық байланыстарды одан әрі дамытып, нығайтуға бағытталған бірқатар құжаттар қабылданады. Бұдан кейін «Орталық Азия – Ресей» саммиті болады. Мұнда алты мемлекеттің президенттері ынтымақтастықтың келешегін талқылайды.