Елордада ТМД елдері басшыларының саммиті өтіп жатыр

Бүгін ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің шағын құрамда отырысы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосуда гуманитарлық серіктестіктен бастап, қауіпсіздік және ынтымақтастықтың маңызды мәселелері талқылануда. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ТМД-ға төрағалығы аясындағы бастамаларын қолдап, осы күндері Астанада өтіп жатқан халықаралық іс-шараларға белсенді қатысқан мәртебелі меймандарға алғыс айтты. Кеңес мүшесі ретінде Түрікменстан президентінің отырысқа алғаш рет қатысып отырғанын сөз етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасы Президенті:

– Бүгін Кеңес мүшесі ретінде Түрікменстан президенті, құрметті Сердар Гурбангулыұлы Бердімұхамедов отырысқа алғаш рет қатысып отыр. Осы жердегі әріптестердің және өзімнің атымнан Сізге қош келдіңіз дей отырып, жауапты мемлекеттік қызметіңізге табыс тілеймін.