Германияда еліміздің саяси бастамалары талқыланды

Берлинде VII неміс саясаткерлері мен Орталық Азия елдері бойынша, сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Германиядағы Қазақстан елшілігі мұрындық болған шарада еліміздің сыртқы саяси бастамалары талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отырыста дипломатиялық мисссиямыздың басшысы Нұрлан Онжанов қатысшуыларға осы аптада Астанада өткен алтыншы саммит қорытындылары туралы айтты. Бұдан бөлек, сарапшылар елордамызда абыроймен атқарылған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жетінші съезін де талқылады. Неміс саясаткерлері Қазақстанның этносаралық диалогты нығайтуға өлшеусіз үлес қосып жатқанын атап өтті. Шара барысында елімізде өтетін, кезектен тыс президент сайлауы төңірегінде де әңгіме өрбіп, сарапшылар саяси өзгерістерге қатысты, өз бағасын берді. 

Биргит Ветцель, Орталық Азия елдері бойынша сарапшы:

Қазақстанда Президент 7 жылға бір мерзімге сайланады. Бұл тек сіздердің елдеріңіз ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірі үшін революциялық реформа десек болады. Меніңше, бұл Қазақстанның дамуына жаңа серпін береді. Президент бір мерзімге ғана сайланатынын біліп, сол уақыт ішінде біраз жоспарды іске асырып үлгеруге тырысады.

Михаэль-Андреас Бутц, Германия ІІМ бұрынғы статс-хатшысы:

– Қазақстан – Шығыс пен Батысты жалғап тұрған алтын көпір. Елдеріңіз саяси жағынан да, экономикалық жағынан да Еуропа үшін маңызды серіктес саналады. Қазақстанда түрлі ауқымды форумдар мен конференциялар өтеді. Олардың басты тақырыбы бейбіт бастамалар. Сондай шараның бірі таяуда өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары саммиті.