Қайырбек Өскенбаев: екі жылдан кейін елдегі жолдардың бәрі нормативке сай болады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев бүгін депутаттарға осылай деп есеп берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырым екенін ескерсек, соның  25 мыңдайы республикалық маңызы бар, ал 71 мың шақырымы – облыстық және аудандық. Ендігі мақсат – сол республикалық желілерді 2025 жылға дейін 100% нормативке сай қылу, ал жергілікті жол желілері бойынша көрсеткіш 95% жету керек. Ал биылғы межеге келсек, жыл соңына дейін ведомства 1 мың шақырым жолды пайдалануға бермек. Одан тыс үш бағыт бойынша жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Ол – «Атырау - Орал»,  «Жезқазған - Қарағанды» мен «Ақтөбе - Ұлғайсын».