Тоқаев әлеуметтік желіде Туымызды насихаттаған челленджге қолдау білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде Көк туымызды насихаттаған челленджге қолдау білдірді.

Президент отандық продюсер Нұрлан Қоянбаевтың парақшасында жарияланған, Мемлекеттік Туымыз бейнеленген суреттің астына: "Көк туымыз мәңгілік желбірей берсін!" деген жазба қалдырды. Нұрлан Қоянбаев қазіргі уақытта бұл жарияланым 13 млн 890 мыңнан астам пікір жинағанын жазды. Айта кетейік, бұл бастама пікір қалдырушылар саны жағынан әлемдік рекорд орнатуды көздейді.