Тоқаев: Қонаев қаласында үш жылда 38 емдеу орны салынады

Алматы облысының орталығында академиялық қалашық құрылады. Осылайша шаһар ғылым-білім орталығына және студенттердің ордасына айналуы тиіс. Бүгін Қонаев қаласына жұмыс сапарымен барған президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мәселе бойынша жаңа жылға дейін нақты ұсыныс енгізуді Үкіметке тапсырды. Сондай-ақ өңірді дамыту бағытында атқарылатын, жұмыстарды атап өтті.

Қонаевқа қаласына келген бойд Президент облыс активімен жиын өткізді. Өңірдегі өзекті мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын ұсынды. Соның бірі – баспана мәселесі. Жаңа өңірде 1,5 миллиондай адам бар. 84 пайызы ауылдық жерде тұрады. Соның өзінде қалада баспана мәселесі күрделі. Жыл басынан бері 686 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Алайда бұл аздық етіп тұр. Сондықтан Президент Үкіметке өңірдің тұрғын құрылысы және ескі үйлерді күрделі жөндеуге бөлінетін қаржыны көбейтуді жүктеді. Тағы бір мәселе әлеуметтік нысандардың аздығы. Қонаев қаласы әзірге үлкен емес. Тұрғындарының саны 50 мыңнан сәл ғана асады. Бірақ Алматы облысы ретінде халқы көп аймақтың қатарында. Мәселен, денсаулық сақтау мекемлерінің саны 400-ге жуық. Ескіргендер бар. Сондықтан шұғыл ем іздегендер іргедегі Алматы қаласына ағылады. Президент облыста жаңадан 38 медициналық мекеме салынатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мұнда медицина мекемелерін салу – басты міндеттің бірі. Қазіргі ауруханалар мен емханаларды заман талабына сай жаңғырту қажет. Менің тапсырмам бойынша ауылдың денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға арналған ұлттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның аясында осы өңірде үш жылдың ішінде 38 емдеу орны салынады. Алайда, мұның өзі жеткіліксіз. Облыс әкімдігі қай жерге қанша емдеу мекемесі қажет екенін мұқият зерделеуі керек. Содан соң Үкімет нақты шараларды қабылдайды.

Қазір өңірдегі жастардың көбі іргедегі мегаполиске кетіп жатыр. Бұл Алматы қаласындағы ахуалға өз әсерін тигізіп жатқаны артық. Енді Қонаев контрмагнитке айналуға тиіс. Осы мақсатта шаһарда «академиялық қалашық» құру мәселесі қарастырылады. Президент Қонаевта жоғарғы оқу орындары мен колледждердің бөлімшелерін ашып, жатақхана салуға мүмкіндік мол екенін атап өтті. Өңірдің өндіріс, транзит туризм саласын да дамыту бойынша бірқатар мәселелер көтерді. Сөз соңында елге еңбегі сіңген азаматтарды марапаттады. Кейін Дінмұхамет Қонаевтың ескерткіші жанындағы аллеяға шығып еңбек ардагерлерімен кездесті. Сапар аясында қаланы аралап, жаңа құрылыс аумағымен танысады деп жоспарланған. Олар жайлы алдағы жаңалықтар топтамасында толғырақ айтамын.