loader


Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы туралы кітап жарық көрді

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағалы бері 200-ге жуық құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар саяси-құқық, экономика, әлеуметтік-мәдени, ғылым-білім салаларын қамтиды. Бұл туралы «Қазақстан-Қытай: тату көршілік және өзара тиімді ынтымақтастықтың үш онжылдығы» атты мерейтойлық кітаптың тұсаукесерінде айтылды. Басылым қазақ, қытай, орыс тілінде жарық көрді. Онда 1992 жылдан бастап екіжақты қатынастар зерттелген. Кітапта бұрын басылмаған, екі тарап қол қойған құжаттардың толық тізілімі және негізгі стратегиялық құжаттардың мәтіндері берілген. Қытай біздің еліміздің ірі сауда серіктестерінің бірі. Былтыр екіжақты сауда айналымы 18 миллиард доллардан асты. Қытай Еуропаға темір жолмен жөнелтетін жүк контейнерлерінің 51 проценті біздің елдің аумағы арқылы өтеді. Екі елдің елшілері таныстырылымға онлайн қатысып, өз пікірлерін білдірді. 

Шахрат Нұрышев, ҚР-ның ҚХР-дағы төтенше және өкілетті елшісі:

– Өткен 30 жыл ішіндегі Қазақстан-Қытай қатынастарының басты жетістігі ретінде саяси қарама-қайшылақтардың жоқтығын, Қытайдың Қазақстанға қауіпсіздік кепілін беруі, шекара мәселесінің түбегейлі шешілуін, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын беру сұрағы бойынша келіссөздердің басталуын атап өтуге болады.

Сондай-ақ...