Бүгін елде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталады

Ол 28 күнге созылады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Үгіт-насихат негізінен үш тәсіл арқылы жүргізіледі. Кандидат өз бағдарламасын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарата алады. Сондай-ақ кандидаттардың өзі және сенім білдірілген адамдары сайлаушылармен кездеседі. Радио арқылы да үгіт жүргізуге мүмкіндік беріледі. Ал 19 қараша – тыныштық күні. Тура бір айдан кейін Қазақстан халқы өз Президентін таңдайды. Кезектен тыс сайлау таңғы 07:00-де басталады. Оның алғашқы нәтижелері 21-27 қараша аралығында белгілі болады.