Президент сайлауы: кандидаттарды тіркеу уақыты аяқталуға жақын

Бүгін кезектен тыс Президент сайлауына түсетін кандидаттарды тіркеудің соңғы күні. Әзірге орталық сайлау комиссиясы алты кандидатты ресми түрде бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тізімде Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен, Қаракат Әбден, Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев, Салтанат Тұрсынбекова бар. Жұмыс күнінің соңына дейін бір сағаттан аз уақыт қалды. Орталық сайлау комиссиясының жұмыс кестесіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық сайлау комиссиялары әр кандидатты насихаттайтын баспа материалдарына қажет стенд, билборд секілді орындарды теңдей қып белгілеуі тиіс. Ал сайлауалды үгіт-насихат жұмысы бүгін сағат 18:00-де басталады.