Республика күніне орай Ақордада наградтау. LIVE

Республика күні қарсаңында ел дамуына сүбелі үлес қосқан бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Түрлі салада қажырлы еңбегімен дараланғандар «Отан», «Барыс», «Парасат», «Достық», «Құрмет» ордендерін иеленді. Әскери және құқық қорғау органдарының бір топ өкілі де кеудесіне төсбелгі тақты. Ал өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және өзге де өндіріс салаларының 76 жұмысшысы «Еңбек Даңқы» орденінің иегері атанды. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын ғылым және мәдениет саласының 28 өкілі иеленді. Құрмет грамотасы 260 азаматқа табысталды. Ал «Халық қаһарманы» мен «Қазақстанның еңбек ері» атағы кімдерге берілді? 

Қорған Төреқожа, тілші:

- Әдетте саяси реңге ие  Ақорданың іші бүгін өзгеше. Басты ордада мерекелік көңіл күй. Атмосфера бөлек. 

Түске дейін республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар адам марапатталды. 

Елге сіңірген аса үздік еңбегі үшін жоғары дәрежелі награда - Халық қаһарманы атағын ішкі істер органдарының ардагері Қайырбек Сүлейменов алды. 

Елдің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін «АтырауАгроӨнімдері серіктестігінің директоры Владимир Розметовке және жазушы Дулат Исабековке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. 

Дулат Исабеков жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері: 

- Ал жеті адам Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты иеленді. Соның бірі Ғалым Жайлыбай. Ақын бұл марапатты «Ай таңбалы арғымақ» атты өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін алып отыр.

Ғалым Жайлыбай, ақын, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері:

1990 жылдың 25 қазанында Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Ал Декларация – еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан ақжолтай құжат. Мемлекет басшысы: "Өкінішке қарай, бұл күн елімізде біраз жыл өз деңгейінде атап өтілген жоқ. Бірақ тарихи әділдік орнады", — деді. Енді Республика күні елдегі ең ұлық мереке болады. 

Бағымыз баянды болмақ үшін не істеу керек? Президент: "Барша халыққа түсінікті болатын және шын мәнінде азаматтарымыздың сұранысына сай идеология қажет", — деді.

Салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев тіл хақында да айтты. "Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады", — деді. Сосын Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайтынын жеткізді. Соңында зиялы қауым алдында тілден саяси құрал жасауға болмайтынын ескертті. Әйтпесе көріп отырмыз, осындай сезімтал мәселелерді саясиландырудың кесірінен кейбір елдер қасіретті жағдайға ұшырады. Ал Президент: "Бұл – біздің жол емес", — деді.  

Біздің жол — тұрақты даму. 

Ұстаным: ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға.

Сондай-ақ...