ОСК: үгіт-насихат жұмыстарына 9 млн теңге бөлінуі тиіс

Президенттікке кандидаттарға БАҚ арқылы сайлауалды үгіт- насихат жұмыстарын жүргізу үшін 9 млн теңгеден астам қаражат төленуі тиіс. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері бүгін өңірлердегі штаб өкілдеріне семинар өткізу барысында осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал арнайы іс-шаралар ұйымдастырып, үгіт материалдарын таратуға 800 мың теңге қарастырылған. Кандидаттарды тасымалдау шығындарына келсек, ол 500 мың теңгеден аспауы тиіс. Тасымал құралын штаб өкілдері өздері анықтайды.