loader


Республика күнінде Қазақстан мен Германияның ынтымақтастығы кең көлемде аталды

Берлинде Республика күні және Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығы қатар атап өтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты жиынға саясаткерлер, кәсіпкерлер, инвесторлар мен диаспора өкілдері қатысты. Елші Нұрлан Онжанов қос мемлекеттің өзара байланысы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Биыл жеті айдың ішінде екі жақты тауар айналымы 73%-ке өсіп, 5 миллиард еуроны еңсерді. Германия Сыртқы істер министрлігінің өкілі Маттиас Люттенберг қазақстандықтарды ұлттық мерекемен құттықтап, Қазақстан сенімді серіктес әрі өңірдегі тұрақтылықтың үлгісі деді. Кеш мерекелік концертке ұласты.

Маттиас Люттенберг, ГФР СІМ Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі уәкілі:

– Германия мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастар қарқынды дамып келеді. Қазақстан маңызды экономикалық серіктесіміз. Елдеріңізге инвестиция салуға ниетті бизнесмендердің саны артып келеді. Байланыстың әлеуеті зор.

Доротея Халлер-Ляйбле, құрметті консул:

Концерт керемет өтті! Ержанның орындауындағы ән ұнады. Қобызшы мен сыбызғышының дуэті жақсы шыққан. Барша қазақстандықты мерекемен құттықтаймын! Бейбіт өмір мен бақ-береке тілеймін!

Герхард Шрёдер, ГФР канцлері /1998-2005 жж/:

– Республика күні мен елдеріміздің арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылуынының 30 жылдығына арналған шараға қатысқаныма қуаныштымын. Қазақстан бейбіт бастамаларымен әлемге танымал. Қазіргі кезде олардың маңызы зор.

Сондай-ақ...