Қазақстан – Әзербайжан ынтымақтастығына 30 жыл толды

Қазақстан мен Әзербайжан стратегиялық серіктес елдер. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бакуге сапары барысында қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған құжаттарға қол қою екіжақты байланысты одан әрі дамытуға берік негіз болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі қос мемлекеттің дипломатиялық қатынасына 30 жыл толуына арналған шарада атап өтті.

Джахит Багджи, Түркияның Әзербайжандағы елшісі:

– Қазақстан Орталық Азиямен бірге Кавқазда да маңызды рөлге ие. Қазақ елі өңірде энергия мен астықты басты экспорттаушы елдің бірі болып табылады. Түркия мен Әзербайжан қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілуіне де көп үлес қосты. Біз Қазақстанмен байланысымыздың одан әрі жан-жақты дами беретініне сенімдіміз. Аймақта ең алдымен тұрақтылық пен бейбітшлік болғанын қалаймыз. Қазақстанның ірі жетістіктерге қол жеткізе беруіне тілектеспін.

Эльдар Гюнайдын, Г.Әлиев АТЫНДАҒЫ «Әзербайжан-Қазақстан» достық қоғамының президенті:

– Мен қазір тарихи сәттің куәсі болып тұрғаныма қуаныштымын. Өзім Әзербайжанда Қазақстанның 7 елшісімен бірге жұмыс істеу мәртебесіне ие болдым. Олардың әрбірі қос халық тарихының жаңа беттерін ашуға талмай еңбек етті. Бүгін екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толып отыр. Екі елдің халқы мен басшыларына барлық жақсылықты тілеймін.