Еуроодақ Орталық Азия экономикасына 120 млрд доллар инвестиция құйды

Соңғы он жылда Еуропалық Одақ Орталық Азия мемлекеттерінің экономикасына 120 миллиард доллардан астам инвестиция құйды. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық Кеңес Президентінің кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қаражаттың 70 проценті біздің мемлекетке тиесілі. Биылдың өзінде Қазақстан мен Еуропа одағы арасындағы сауда айналымы шамамен 30 миллиард долларды құрады. Еліміздің аумағында еуропалық капиталдың үлесі бар үш мыңға жуық компания жұмыс істеп жатыр. Президенттің айтуынша, Еуропа – біздің басты серіктестеріміздің бірі. Сол себепті өзара тиімді ынтымақтастық әрі қарай да жалғасын таба береді.