Тоқаевтың сайлауалды штабының үгіт-насихат кездесулері Абай облысынан басталды

Штаб мүшелері алғаш болып, өңірдің ақсақалдары және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиын барысында кандидаттың сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелер кеңінен талқыланды. Оған 300-ден астам адам қатысты. Сонымен қатар Әлихан Бөкейханов атындағы университетке де барып белсенді жастармен жүздесті. Оларға кандидат ұсынған шаралар таныстырылып, жоспардың жүйелі жүзеге асатынын атап өтті. Бұдан соң республикалық қоғамдық штаб өкілдері цемент зауытында болды. Жұмысшылармен кездесіп Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы түсіндірді. 

Ерлан Қошанов, республикалық қоғамдық штаб басшысы:

– Президенттің саясаты мен іс-қимылы бірінші кезекте мемлекет мүддесін қорғауға бағытталған. Тәуелсіздік пен қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуге бағытталған. Халықтың қалауы да осы. Бір сөзбен айтқанда ел мүддесі де, ер мүддесі де бір жерден шығып отыр.